Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 12 қазандағы №307, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2023 жылғы 26 қазандағы №632/15-11-04 хаты және білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында өткізілді. Олимпиада ауылдық жерлердегі мектептерде талантты жастарды анықтау және қолдау бойынша қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы шеңберінде өткізіледі. Олимпиадаға ҚР ауылдық мектептерінде соңғы екі оқу жылында оқитын 9-11(12) сынып оқушылары қатысты.
Олимпиада үш кезеңде өткізіледі:
Бірінші кезең (бастапқы) – қараша айы
Екінші кезең (іріктеу) – желтоқсан айы
Үшінші кезең (республикалық) – ағымдағы оқу жылының қаңтар айы.
Ауыл олимпиадасының қорытындысы бойынша облыстық кезеңге 9 оқушы қатысып, 3 оқушы ІІІ орын алса, 6 оқушы сертификатпен марапатталды.

KZ
