Skip to content

Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты аудандық байқауының қорытындысы.

13 қыркүйек 2024  жылы   Зайсан қаласы Ю. Гагарин орта мектебінде 8-10 сынып оқушылары  арасында Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты аудандық байқау өтті. Осы байқауға мектебіміздің 8- сынып оқушысы Қанатбек Ақбота, 9- сынып оқушысы  Қайратқызы Айдана қатысты. Нәтижесінде Қайратқызы Айдана 9-сыныптар арасында жүлделі I  орынды иеленсе, 8- сыныптар арасында Қанатбек Ақбота жүлделі  II орынды иеленді. Қайратқызы Айдана облыстық байқауға жолдама алды.

19 қыркүйек 2024  жылы   Өскемен қаласында дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ШҚ ғылыми – әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен  8-10 сынып оқушылары  арасында Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты  байқаудың қорытынды кезеңіне  9- сынып оқушысы  Қайратқызы Айдана қатысты. Нәтижесінде Қайратқызы Айдана 
9-сыныптар арасында жүлделі II  орын және 40 мың теңгенің  серификатын иеленіп қайтты.