Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Сарытерек орта мектебі» КММ оқушылары 5 күндік далалық оқу-жаттығу жиынында жоғары дайындықтары мен белсенділіктерін көрсетіп, нәтижесінде Бас жүлдені иеленді.
Бұл жетістік – оқушылардың тәртіптілігі мен ұйымшылдығының, сондай-ақ жетекші мұғалімдердің тынымсыз еңбегінің жемісі. Мектебіміздің абыройын асқақтатқан жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерден көріне берулеріне тілектеспіз.

KZ
