Skip to content

Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне қатысқан жеңімпаздар

ШҚО білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің “Сарытерек орта мектебі” КММ-нің мұғалімдері 25.11.2023 жылы «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне қатысып, мектебіміздің   3 мұғалімі І -орын, 4 мұғалім ІІ- орын алды. Атап айтқанда физика пәнінің мұғалімі Катарбаев Ерлан Кайрбекович физика-математика бағытындағы пәндер секциясында “Физик сабағында физикалық тәжірибелерді қолдану арқылы оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, физикадағы негізгі фундаментальді заңдарды меңгерту” тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісіп І орын алды. Тарих пәнінің мұғалімі Мейрбаев Мади Канатович қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер секциясында “Тарих сабағында картаны қолдану арқылы білім беруді нәтижеге бағыттау” тақырыбында әдістемелік құралды таныстырып І орын алды. «Сабақ аяқталған соң…» секциясына қатыстан Өткелбаева Айдана Тоқанқызы Ұлттық құндылықтарды ұйымдастырылған іс-әрекеттеріне кіріктірудің өзектілігі” тақырыбында өз баяндамасын оқып І орын алды. Ал, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Үлгібаев Бақытжан Құмарбекұлы Дене тәрбиесі сабағында, хоккей ойынын үйретуде жаңа технологияның тиімді жақтары” тақырыбында ІІ- орын, мектеп психологы Болеубаева Сымбат Толеухановна «Психолог сандықшасы» секциясында Психолог жұмысындағы заманауи әдістердің бірі” тақырыбында ІІ орын, информатика пәнінің мұғалімі Абдилова Айнұр Тилеубекқызы физика-математика бағытындағы пәндер секциясында Электронды оқулықтың ұтымдылығы” тақырыбында ІІ -орын, география пәнінің мұғалімі Қуанышбекқызы Мадина «Шеберлік палитрасы»ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер секциясында “Ұтымды әдіс-жетістік кілті” тақырыбында қатысып ІІ орын алды. Облысқа жолдама алған әріптестерімізге сәттілік тілейміз!