Skip to content

Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 12 қазандағы №307, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2023 жылғы 26 қазандағы №632/15-11-04 хаты және білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында өткізілді. Олимпиада ауылдық жерлердегі мектептерде талантты жастарды анықтау және қолдау бойынша қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы шеңберінде өткізіледі. Олимпиадаға ҚР ауылдық мектептерінде соңғы екі оқу жылында оқитын 9-11(12) сынып оқушылары қатысты.

Олимпиада үш кезеңде өткізіледі:

Бірінші кезең (бастапқы) – қараша айы

Екінші кезең (іріктеу) – желтоқсан айы

Үшінші кезең (республикалық) – ағымдағы оқу жылының қаңтар айы.

Ауыл олимпиадасының қорытындысы бойынша облыстық кезеңге 9 оқушы қатысып, 3 оқушы ІІІ орын алса, 6 оқушы сертификатпен марапатталды.