Мектебімізде оқушылардың дұрыс әрі сапалы тамақтануына ерекше көңіл бөлінеді. Күн сайын асханада оқушыларға дәруменге бай, құнарлы және ыстық тағамдар ұсынылады.
Ыстық тамақ – балалардың денсаулығы мен оқу үлгерімінің кепілі. Сондықтан мәзір арнайы талаптарға сай әзірленіп, күнделікті жаңартылып отырады.
👩🍳 Асхана қызметкерлері тағамның сапасы мен тазалығын қатаң бақылауда ұстайды.
🥗 Дұрыс тамақтану – денсаулықтың негізі!


KZ
