Skip to content

Ата-аналар жиналысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің “Сарытерек орта мектебі” КММ-де 19 мамыр күні мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында оқушылардың қауіпсіздігі, интернеттік алаяқтықтан сақ болу, жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктері туралы айтылды. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары қарастырылды.
Оқу жылын аяқтау ерекшеліктері таныстырылып, жазғы демалысты тиімді өткізу жолдары түсіндіріліп, талқыланды.

#Мектепішіліката-аналаржиналысы

#заңжәнетәртіп