Skip to content

Мектеп туралы

Мектеп туралы ақпараттық анықтама 
Мектеп ғимараты – типтік;  
Мектеп түрі –  жалпы орта білім беретін  мектеп;  
Мектептегі білім беру тілі – мемлекеттік қазақ тілі;                       
Сынып саны – 13;
МАД саны – 1; 
Ғимараттың салынған және пайдалануға берілген уақыты:  1973 ж.;
Жобалық қуаты -187 оқушы;                                                                                
Мектептің жылу жүйесі- көмірмен жылыйды;                                                           
Мектептің жалпы көлемі – 1732 шаршы метр;                                                         
Негізгі пайдалы көлемі    –  1190 шаршы                                   
Жалпы кабинет көлемі    – 1391,4 шаршы метр
Спорт зал көлемі   – 156,3 шаршы метр;
Асхана көлемі     – 97,8 шаршы метр;
Жалпы  кабинет  саны  – 13;
Кітапхана  – 1, көлемі   –  32,8 шаршы метр;

Шыңдары көкпен астасқан Сауыр, Сайқан таулары мен «Бестерек» орманы, етегінде өңірдің моншақ тағынған еркесі Кендірлік өзенінің сылдыр – сылдыр күлкісі Сарытерек ауылына  ерекше сән беруде…

  Ғасырмен жасаскан мектеп тарихында қазақ – орыстар өз балаларын мұғалім жалдап оқыта бастайды. Арнайы мектеп үйі болмағандықтан үш төрт бөлмелі  ауқатты деген отбасыларында оқытады. 1930 жылдардың басында колхоз ұйымдасқаннан кейін, мектепке арналған үй салынады. Осы жылы бастауыш қазақ мектебі ашылады. Онда Жарасов мектеп меңгерушісі болып соғысқа кеткенше қызмет атқарады. Қазақ мектебінің алғашқы директоры Б.Саусақбаев болды. 1949 жылы екі мектеп қосылып, аралас жеті жылдық мектеп болып құрылады.

  1971жылы 320 балаға арналып, жаңа жобамен салынған мектеп пайдалануға берілді. Осы жылдары мектепке Қ.Рақымбаев, С.Насіпбаев,, К.Матжанов, Т.С.Маянова, Ғ. Қожекенов, Б.Ожанов, М.Жеңсеханов, Б.Досаев, Қ.Сағатов, Б.Ашенова, Қ.Жакупов, Е.Сейілханов, 2014 жылдан бері Р.Турабаева директор болып істеп келеді. 1967 жылы мектепке ұлы саяхатшы Н.М.Пржевальскийдің есімі берілді. Ал, 1991жылы  «Н.М.Пржевальский атындағы орта мектебі» деген атау өзгертіліп  «Сарытерек орта мектебі»  атауы енгізілді.

Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан – 2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады.

  Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалды сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене қатысуына, сондай –ақ  «өмір бойы білім алуына» ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда. Зайсан ауданы әкімдігінің «Сарытерек орта мектебі» КММ-де мұғалімдердің педагогтік шеберліктерін жетілдіруге,  оқу үрдісін өткізіп және қамтамасыз етуге барлық жағдайлар жасалған.

  Мектептің өзекті тақырыбы: «Оқу мен оқытуда жаңа әдіс- тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру».  Осы жылға арналған мектептің мақсаты: «Оқушының жеке тұлғасын дамытуда оқу – тәрбие үрдісінде жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен қоладану арқылы мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру». 

  Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Бәсекеге қабілетті интелектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды.